Референдум-2026

Мемлекет басшысы кәсіби аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы кәсіби аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын! – делінген жеделхатта.