Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Еске салсақ, Президент Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасын қабылдап, оны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.