Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды», - делінген хабарламада.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.