Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мария Хаджиева бұл қызметті 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бері атқарды.
Еске салайық, бұдан бұрын Президент өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.