Келесі жылы инфляция 9,5- 12,5% деңгейінде күтіледі – Ұлттық банк
28 қараша, 2025
Оңалхан Өнерхан
Ұлттық банк 2025 және 2026 жылдарға инфляция болжамын қайта қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға болжамы қайта қаралды. 2025 жылы инфляция 12,0-13,0%, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша ол 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі», - деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
Ведомство таратқан ақпарат сүйенсек, 2025 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 6,0-6,5%-ға дейін жақсарды. 2027 жылы экономиканың өсуі 4,0-5,0% ауқымында болады деп болжанып отыр. Бұл инвестициялық белсенділіктің кеңеюі, тұрақты тұтынушылық сұраныс және мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты екенін атап өтті Ұлттық банк.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстан экономикасында шоғырланған
14 наурыз, 2026
Астанадағы айырбастау пунктеріндегі бүгінгі валюта бағамы
13 наурыз, 2026
АШМ мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беруді бастады
13 наурыз, 2026
Цифрлық жаңғырту: Еліміздің тау-кен өндіру кәсіпорындарына ЖИ мүмкіндіктері енгізіліп жатыр