Ірі есірткі саудасымен айналысқан күдікті Польшадан экстрадицияланды

Бүгін, 10:33
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ірі есірткі саудасымен айналысқан күдікті Польшадан экстрадицияланды
Фото: видеодан скриншот/https://t.me/GenPr

Қазақстанға Польшадан синтетикалық есірткілерді өткізу және қылмыстық кірістерді заңдастыру жөніндегі трансұлттық қылмыстық топтың болжамды басшысы экстрадицияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Қылмыстық топтың басшысы Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі және психотроптық заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден астам қаражат өткізіліп, олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылған, бірақ кейіннен қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 кг. есірткі және психотроптық заттар алынды, - делінген хабарламада. 
 

Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті ұйымдастырушы бола отырып, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Өткен жылдың желтоқсанында ол Польша аумағында ұсталды, сол жерден Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Оған айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, бұған дейін 17 жыл жасырынған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланған болатын.