Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімі шығатын ресми ақпарат көздерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
«Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәттердің бірі – конкурс қорытындысының жариялануы. Осыған орай 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын негізгі әрі ресми ақпарат көздерін ұсынамыз», - делінген хабарламада.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
https://t.me/SayasatNurbekOfficial
https://www.facebook.com/sayasat
https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
https://t.me/gylym_jogary_bilim
https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін 43 мыңнан аса талапкер магистратураға түсу үшін тест тапсырғанын жаздық.