Жеңіс Қасымбек: Елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады
20 қыркүйек, 2024
фото: Жеңіс Қасымбек/ Instagram
Биыл елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде желіге шықты. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілді. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шықты. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады.
«Жаңа қоғамдық көліктер жаңа бағыттағы маршруттарды ашуға, күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік берді. Былтыр қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа ұлғайтқанбыз. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмысы жүріп жатыр», - деді қала басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды