Елордада трансформатордан 30 метрге жуық мыс кабельді ұрлап кеткендер ұсталды
9 қыркүйек, 2024
Оңалхан Өнерхан
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен астаналық екі жасөспірімді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгілі болғаны, жастар Ақжол көшесінде орналасқан ЖШС мекемесінің трансформаторына келіп, құлпын бұзып ішке кірген.
Қаскүнемдер 30 метрге жуық мыс кабелін алып шығып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Осылайша 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Кәмелетке толмаған екеуі ұрланған кабельді сатып үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдермен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген