Референдум-2026

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат әкімшілік қамауға алынды – ВИДЕО

Бүгін, 10:14
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат әкімшілік қамауға алынды – ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот/ Polisia.kz

Елордалық полиция тұрғын үй кешендерінің бірі ауласында бұзақылық жасаған екі азаматты әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің ауласындағы жаңбырдан жиналған шалшықтың ішінде отырған екі ер адамның алкогольдік ішімдік ішіп, суды теуіп, оны балаларға қарай шашып жатқан сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар – 37 жастағы Алексей Свиридов пен 35 жастағы Владимир Логвин.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген хабарламада. 

Сот шешімімен Алексей Свиридовқа 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Ал Владимир Логвин 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында қатаң құқықтық баға беріледі.

Еске салайық, бұған дейін елордадағы вандализммен күрес аясында 94 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 67 адам қамалғаны туралы жаздық.