Елорда әкімі Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті
21 тамыз, 2024
фото: Жеңіс Қасымбектің Instagram парақшасынан
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы елорда әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.
Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.
«Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!», - деп қорытындылады қала әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
5 мамыр, 2026
Ұзақ уақыттан кейінгі жөндеу: Байқоңыр ауданында жаңартылған аулалар ашылды
5 мамыр, 2026
«Мәңгі өшпес ұлы ерлік»: Астанада патриоттық іс-шара өтті
5 мамыр, 2026
Елордалық курсанттарға әскери мақсатта қолданылған сирек музыкалық аспаптар көрсетілді
5 мамыр, 2026
Елорда курсанттарына әскери істе қолданылған сирек аспаптар көрсетілді