Елімізге ресми сапармен Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манет келді

Елімізге ресми сапармен Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манет келді
Фото: Ақорда

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.