Қазақстанда Конституция есімді қанша адам бар

Бүгін, 21:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда Конституция есімді қанша адам бар
Коллаж: Elordainfo.kz

Елімізде Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.

Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандар. Бұл есімді иеленген азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам. 

Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімі 1 197 адамға қойылған.