Референдум-2026

Елімізде газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады

7 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрлық трансформация газ саласының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Президент цифрландыруды мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі ретінде айқындады. Бұл ретте цифрлық трансформация саланың тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналуда. Жасанды интеллект министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесіп, газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, Олжас Бектенов газ өңдеу зауыттарының құрылысына апта сайынғы бақылау жүйесін енгізуді тапсырды.