Референдум-2026

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп сөмкесінің салмағына қатысты ескерту жасады

Бүгін, 13:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп сөмкесінің салмағына қатысты ескерту жасады
Фото: Magnific.соm

Жаңа оқу жылы қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп рюкзагын таңдағанда оның салмағына ерекше назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, оқулықтар, дәптерлер және басқа да оқу құралдары салынған рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспағаны жөн. Мысалы, егер оқушының салмағы 30 килограмм болса, толық жиналған мектеп сөмкесі 3 килограмнан ауыр болмауы керек.

Сондай-ақ мамандар бос рюкзактың салмағы 1 килограмнан аспауын ұсынады.

Министрлік оқушының жасына қарай оқу құралдарының мынадай салмағын ұсынады:

1-3 сынып – 2 келіге дейін;
4-5 сынып – 2,5 келіге дейін;
6-7 сынып – 3,5 келіге дейін;
8-11 сынып – 4,5 келіге дейін.

Ведомствоның айтуынша, мектеп сөмкесі жеңіл, баланың бойына сәйкес келетін және арқасына ыңғайлы орналасуға тиіс. Сонымен қатар рюкзак иыққа артық күш түсірмей, белден тым төмен салбырап тұрмауы қажет.