Бүгін елордада «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді

Бүгін елордада «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді
Фото: «Референдум – 2026» онлайн марафоны

Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Онлайн марафонда саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады.

Онлайн марафонды еліміздегі танымал 24 тележурналист жүргізеді. Онлайн марафон республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетіледі.

Марафонға қатысты мәліметтер мен жедел ақпараттар «Референдум – 2026» Telegram арнасында тұрақты түрде жарияланып отырады.