Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Бельгиялықтар королі және патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды.





