Референдум-2026

Балқашта жағажайға көлікпен шығып кеткен жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Бүгін, 11:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Балқашта жағажайға көлікпен шығып кеткен жүргізуші 5 тәулікке қамалды
фото: видеодан скриншот/polisia.kz

Threads әлеуметтік желісіндегі жарияланымға байланысты полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс орны аумағына автокөлікпен кіру фактісі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру барысында Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны автокөлігімен азаматтар, оның ішінде балалар демалып, шомылып жатқан жағалау аумағына барғаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды», - делінген хабарламада. 

Полиция азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, көпшілік демалатын орындарда белгіленген тәртіп пен мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін елордада екі күнде мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталғаны туралы жаздық.