Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
18 қараша, 2024
Фото: olympic.kz
Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады.
Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды