Қазақстанда дәрілік заттарды сату үшін шекті бағалар бекітілді - ДСМ
31 шілде, 2025
Pixabay.com
Қазақстанда дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату үшін шекті бағалар бекітілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес, сауда атауына арналған өндіруші және көтерме және бөлшек дәрілік заттардың шекті бағалары жаңа редакцияда бекітіліп, осы бұйрыққа қосымша көрсетілген.
Бұйрық 2025 жылғы 28 шілдеде жарияланды және бұйрық шыққан күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Дәрілік заттардың бағасымен сілтемеге өтіп танысуға болады.
Сара Қамзаева
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Курьер болып жұмыс істейтін аналарды төлемдерден айыру туралы ақпарат жалған - министрлік
18 маусым, 2026
Әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді
18 маусым, 2026
Елордада мүгедектерге әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі түсіндірілді
18 маусым, 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр