Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын жеңіп алды
17 наурыз, 2025
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ски-альпинизмнен Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен Азия кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық спортшылар жалпы жеті медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын.
Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанұзақов күміс жүлдеге ие болса, Денис Власов қола медаль иеленді.
Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алды. Нияз Жанұзақов екінші орынға тұрақтаса, Шыңғыс Байқашев төртінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Әлем чемпионатының Америкада өтуі бар сезіміңді су сепкендей басады - Монсон мықтап тұрып айтты
21 маусым, 2026
Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
21 маусым, 2026
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
20 маусым, 2026
Еліміздің сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты