«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы: ауылдағы қауіпсіздік күшейтілуде
Ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламаны іске асыру жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бағдарлама жұмыстың басым бағыттарының біріне айналды және шалғайдағы елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
«Еліміз бойынша 169 өрт сөндіру пункті құрылып, олардың күшімен 900-ге жуық өрт жойылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің Малик Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында орман күзетінің, өрт сөндіру станцияларының және әуе қызметінің 360 басшысы оқытылды», - деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Еске салсақ, аграрлық сала өкілдері 600 млрд теңгеден астам жеңілдетілген несие алды.