Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Бүгін, 14:47
Думан Аманжол Думан Аманжол
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Бүгін  сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына жіберілді.

Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру жұмысы  ұйымдастырылды.

«Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді», - делінеді хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Жағдай бақылауда.