Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды
10 қаңтар, 2025
Фото: Астана қаласы Білім басқармасы
Елордалық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Сәулебек Әлидан халықаралық олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанып, еліміздің көк туын желбіретті», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушы қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Жас дарынды Сәулебек химия пәні бойынша қатысып, әр мемлекеттен келген қатысушылар ішінен оза шауып бірінші орынға ие болды..
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді: сандар мен нәтижелер
12 наурыз, 2026
Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
12 наурыз, 2026
Ақысыз білім алу мүмкіндігі жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз сақталды
11 наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: бірінші аптада 36 талапкер тестілеуден шеттетілді