15 тамыздан бастап қоғамдық көлікпен қамтуды жақсарту мақсатында Қоянды ауылында №307 және №307А бағдарларының қозғалысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бағдарлар ауыл ішінде екі түрлі қозғалыс сызбасы бойынша қызмет көрсетеді. №307 бағдар бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша, ал №307А бағдар Ынтымақ, М.Ғабдуллин және Ш.Уәлиханов көшелері арқылы өтеді.
Сонымен қатар бағдарлардың қаладағы соңғы аялдамасы «Алай» базары болып өзгереді.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен таныс бола аласыздар.

