Астанадағы «Байқоңыр» ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне Малахова көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйден түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 9 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Бұл ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар өрттің көрші тұрғын үйлерге таралуына жол берілген жоқ.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.