Астанадағы Наурыз: ЖИ, цифрлық киіз үйлер және миллионға жуық қонақтар
24 наурыз, 2026
Фото: Ришат Иркабаев
Қазақстанның астанасы Наурыз мерекесін атап өтуде жаңа тренд қалыптастырып, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды кеңінен енгізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Nauryznama ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Астанада 200 аса іс-шара өтіп, оларды офлайн форматта 400 мыңнан астам адам тамашалады, ал онлайн аудитория 1,5 миллион қолданушыдан асты. Қонақтарға 70 бірегей цифрлық шешім мен 60 тақырыптық киіз үй ұсынылды, ал мерекелік көңіл күйді мыңдаған LED-экрандар мен баннерлер қалыптастырды.
Ауқымды мәдени бағдарламаға 300 өнер қайраткері қатысты. Олардың қатарында Роза Рымбаева мен «Үркер» тобы бар. Осылайша, бір сахнада ұлттық дәстүр мен цифрлық болашақ үйлесім тапты.

Инфографика: t.me/nauryznama
Ұқсас жаңалықтар
8 мамыр, 2026
Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр
8 мамыр, 2026
Қазақстан мен Әзербайжан бірлескен туроператорды іске қосты
6 мамыр, 2026
Елімізде ер-азаматтардың саны қанша
6 мамыр, 2026
Хабарламаларға автокөлік туралы дерек қосылады: елімізде такси қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп жатыр