Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды
21 шілде, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жөндеу жұмысына байланысты мына көшелер 25 шілдеге дейін жабық болады әрі қозғалыс толығымен шектеледі.
- Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
- Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды