Астанадағы Бөгенбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылды
28 тамыз, 2024
Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғары қабатын төсеу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты жазды.
«Осыған байланысты 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды