Референдум-2026

Астанада видео түсіру үшін көшеде атқа мініп жүрген ер адам жауапкершілікке тартылды – ВИДЕО

Бүгін, 10:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада видео түсіру үшін көшеде атқа мініп жүрген ер адам жауапкершілікке тартылды – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада 35 жастағы ер адам ойын-сауық орындарының біріне бейнеролик түсіру мақсатында атпен автомобиль жолымен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кейін «Бәйтерек» монументі маңына қарай бет алған кезде жол қиылыстарының бірінде жылқы тротуарды ластап, жасыл желектерге зақым келтірген. Осылайша абаттандыру саласындағы заңнама талаптары бұзылған.

«Аталған екі құқық бұзушылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетейік, Астанада полиция жыл басынан бері омниканалды жүйе арқылы 30 мыңнан астам өтініш қабылдады.