Астанада Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

4 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Астанада Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада Төле би көшесінде жолдың жоғары қабаты төселеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, «Р. Бағланова көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде Төле би көшесін салу» жобасы аясында жолдың жоғарғы қабаты төселеді.

Осыған байланысты Р. Бағланова көшесінен Т-6 көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол белгілері орнатылады.