Астанада тақия кестелеуден шеберлік сағаты өтті

Бүгін, 15:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада тақия кестелеуден шеберлік сағаты өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Наурыз мейрамына орай қайырымдылық акциясы өтті. Елордалық креатор, қолөнер шебері Нұргүл Ялымова мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың аналарына арнап тақия кестелеу бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерімен танысып, өз қолымен ұлттық бұйым жасап көрді.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар кесте тігу әдісін үйреніп, ою-өрнектердің мәнімен танысты.

Ұйымдастырушының айтуынша, жобаның басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау, шығармашылық қабілетті дамыту және ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Креатор мұндай қайырымдылық шығармашылық сағаттарын мектептерде, қарттар үйлерінде және ауруханаларда да тұрақты түрде өткізіп тұрады.