Астанада түнгі уақытта қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады
10 қараша, 2024
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.
Елордада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
5 мамыр, 2026
Ұзақ уақыттан кейінгі жөндеу: Байқоңыр ауданында жаңартылған аулалар ашылды
5 мамыр, 2026
«Мәңгі өшпес ұлы ерлік»: Астанада патриоттық іс-шара өтті
5 мамыр, 2026
Елордалық курсанттарға әскери мақсатта қолданылған сирек музыкалық аспаптар көрсетілді
5 мамыр, 2026
Елорда курсанттарына әскери істе қолданылған сирек аспаптар көрсетілді