Референдум-2026

Астанада Ш. Уәлиханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 12:37
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Ш. Уәлиханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Ш. Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 7-13 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жөндеу аумағында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.