Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ, жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді», - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру тобы балаларды Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ана-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында туристті тапқанын жаздық.