Референдум-2026

Астанада қорқорға қатысты заң талаптарын бұзудың 4,5 мыңнан астам фактісі тіркелді

Бүгін, 10:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада қорқорға қатысты заң талаптарын бұзудың 4,5 мыңнан астам фактісі тіркелді
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Іс-шара барысында Майлин көшесі бойында орналасқан нысандардың бірінде қорқор шегу фактісі анықталды. Тексеру нәтижесінде қорқор пайдалануға қатысты заңнама талаптарының бұзылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері елорда аумағында темекі өнімдерін және темекі шегуге арналған құрылғыларды, оның ішінде қорқорды пайдалануға қатысты 4 500-ден астам құқық бұзушылық фактісі тіркелген.

Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға темекі өнімдерін және темекі шегуге арналған құрылғыларды пайдалануға заңмен белгіленген шектеулерді түсіндірді.

Полиция қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Еске сала кетейік, елордада екі күнде мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталды.