Астанада психикалық денсаулықтың болашағы талқыланды

Бүгін, 15:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада психикалық денсаулықтың болашағы талқыланды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Психикалық денсаулық саласындағы озық технологияларды талқылау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің Қалалық психикалық денсаулық орталығы (ҚПДО) базасында «Халықтың психикалық денсаулығы: алдын алу, қолдау, оңалту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Конференцияға психиатр-дәрігерлер, психотерапевтер, клиникалық психологтар, Астана медицина университетінің психиатрия, наркология және клиникалық психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен резиденттер қатысты.

Қазіргі таңда психикалық денсаулық мәселесі Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ерекше маңызға ие болып отыр.

Бұл психоэмоционалдық жүктеменің артуымен, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының кең таралуымен, сондай-ақ тиімді профилактикалық және оңалту тәсілдерін дамыту қажеттілігімен байланысты. Бүгінгі таңда пәнаралық өзара іс-қимыл, ерте көмек көрсету, инклюзивті тәжірибелер және ауыр психикалық бұзылыстары бар пациенттерге психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың заманауи әдістеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

ҚПДО директоры, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Куаныш Алтынбеков құттықтау сөз сөйледі.

Конференция бағдарламасы 2026 жылғы ең өзекті мәселелерге бағытталды:

Медицинадағы жасанды интеллект: нейрожелілердің депрессиялық жағдайларды ерте кезеңде анықтауға көмегі.

Балалардың психикалық денсаулығы: назар тапшылығы және гиперактивтілік синдромын, жасөспірімдердегі мінез-құлық бұзылыстарын емдеудің жаңа тәсілдері.

Емдеушілерді қорғау: медицина қызметкерлеріндегі кәсіби күйіп кету (шаршауы) және екінші рет стресс мәселесі.

Инновациялық терапия: мультидисциплинарлық командалар жұмысындағы когнитивті-мінез-құлықтық технологиялар.

Психикалық денсаулық саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде пәнаралық тәсілді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.