Астанада оқушылар арасында құқықтық мәдениетті насихаттайтын жобалар байқауы өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Жас үміт» жобасын іске асыру аясында есірткі қылмыстарының, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Алғырлар: болашаққа идеямен» атты оқушылар жобаларының байқауы өтті.
Байқауға «Алматы» ауданының барлық мектептерінің оқушылары қатысып, заңдылықты сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыптарында бейнероликтер ұсынды. Іс-шара «Алматы» ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, «Алматы» ауданы Полиция басқармасы және Астана қаласы Білім басқармасының қатысуымен ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын мен 4 арнайы номинацияның жеңімпаздары анықталды.
Аталған байқау кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық сананы қалыптастыруға және профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.