Референдум-2026

Астанада ойын-сауық мекемесінен сатуға дайын «шарлар» тәркіленді

Бүгін, 14:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада ойын-сауық мекемесінен сатуға дайын «шарлар» тәркіленді
Фото: ІІМ

Астанада ойын-сауық мекемелерін тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер есірткі болып табылмайтын, алайда әсері күшті заттардың заңсыз айналымы фактісін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Түнгі мекемелердің бірінде барда «шарлар» деп аталатын заттар сатылды. Оларды тұтыну үшін келушілерге арнайы бөлме бөлінген.

Тексеру барысында үш баллон мен сатуға дайын «шарлар» тәркіленді. Оларды сатуға қатысқан 22 жастағы мекеме әкімшісі анықталып, ұсталды», - делінген Астана қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Полиция ескертеді: күшті заттардың заңсыз айналымы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Адамның санасын өзгертетін кез келген заттар оның психикасы мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Барлық анықталған бұзушылықтар қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң түрде тоқтатылады.

Еске сала кетейік, Астанада отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық ақпараттық онлайн-акция өтіп жатыр.