Астанада мас адам ойын аппаратын бұзып, ойыншық ұрлаған

15 маусым, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Астанада мас адам ойын аппаратын бұзып, ойыншық ұрлаған
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астанада ойын аппаратын бұзып, ойыншықтарды ұрлаған мас адам ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы дүкендердің бірінде, Мұстафин көшесі бойында орын алған. Тергеу барысында, мас күйде болған ер адам сауда нысанының ішінде орналасқан «Хватайка» ойын аппаратына жақындап, оның құлпын әдейі бұзып ашқан. Кейін аппарат ішіндегі балаларға арналған түрлі ойыншықтарды еркін қол жеткізу арқылы жасырын түрде иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел шаралардың нәтижесінде Астана қаласының полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа уақыт ішінде ұстады. Ұсталған кезде оның мас күйде болғаны анықталды. Ұрланған барлық ойыншықтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын бұзбауға шақырады. Сауда нысандарының иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ойын автоматтары мен өзге де мүліктердің қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қадағалау қажеттігін ескертеді.