Астанада екі көшеде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін, 17:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада екі көшеде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, С. Шәймерденов пен Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысында қозғалыс 5 мамыр күні сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады;

С. Шәймерденов пен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында шектеу 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін жалғасады.

Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.

Еске салсақ, Астанада Н.Тілендиев даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.