Астанада кейбір тұрғын үйлерде уақытша газ өшіріледі

29 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада кейбір тұрғын үйлерде уақытша газ өшіріледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Астана өндірістік филиалы Құлтума ақын көшесі 25/1 мекенжайында жаңадан газдандырылған нысанды Көктал-1 тұрғын алабы ауданындағы ГРПШ-8 орта қысымды газ құбырына қосу бойынша жоспарлы жұмыстың жүргізілуіне байланысты, 2026 жылғы 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін халыққа газ беру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Осыған байланысты, газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының бұзылу қаупін болдырмау үшін, үйлердің сыртында, газ құбырының кіреберісінде орналасқан авариялық газ крандарын жабуды сұраймыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта қосылғаны туралы хабарлама жіберіледі», - делінген хабарламада.

Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады, себебі бұл газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының істен шығуына әкелуі мүмкін.

Барлық сұрақ бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: (7172) 55-89-76; WhatsApp: 8 705 597 0204.

Айта кетейік, аталған жұмыс мына көшелердегі үйлерге әсер етеді: Басықара батыр, Нұрбесік, Бақтыбай ақын, Құлтума ақын, Танжарық Жолдыұлы, Базарлық, Ақтолқын, Бастаңғы, Болашақ, Сұлама және Ізенді тұйық көшелері.