Астанада автосалон директоры 128 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін сотталды

6 қазан, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада автосалон директоры 128 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін сотталды
Фото: magnific.com

Астанада автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан. Алайда сатып алушылардан түскен қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Көліктерді жеткізу міндеттемесін орындап жатқандай көріну үшін ол жәбірленушілерге банк аударымдары жасалғанын растайтын жалған құжаттар ұсынған.

Сот материалдарына сәйкес, оның әрекетінен алты адам зардап шегіп, жалпы сомасы 128 млн теңгеден астам материалдық шығын келген. Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салсақ, Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға ұстап берді.