«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп «Астана-Тазалық» ЖШС мердігер ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес ресімдеудің маңыздылығы, еңбек құқықтарын сақтау, еңбек даулары туындаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, сондай-ақ еңбек жанжалдарын шешу кезінде рұқсат етілмеген жиналыстар мен өзге де заңсыз әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар қызметкерлерге QR-код арқылы Telegram-ботына өтіп, еңбек заңнамасы және өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жедел консультация алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба таныстырылды.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқығын қорғауға, еңбек жанжалының алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.
«Астана-Тазалық» қызметкерлеріне жедел консультация алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба таныстырылды
25 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:39
Депутат жастардың 50 мың теңгеден асатын аударымдарын биометриямен растауды ұсынды
Бүгін, 12:08
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 60-тан астам шетелдік анықталды
6 қазан, 2026
Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңарады: 2027 жылы не өзгереді
6 қазан, 2026
Атырауда 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қорғалды