Референдум-2026

Ел өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін

Бүгін, 16:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ел өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін
Фото: Қорғаныс министрлігі

29 маусым - 2 шілде аралығында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, іс-шаралар жеке құрам мен бөлімшелердің әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру кезіндегі практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

«Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында болады және негізінен әскери бөлімдердің аумақтарында және оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін», делінеді хабарламада.

Жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі жекелеген автожол учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерді басшылыққа алуға шақырды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды.