Ақтөбеде оқушылар 4 мың асықтан киіз үй макетін жасады
11 қараша, 2025
instagram.com/aktobe_zelle
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» зерттеу экспедициясына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Биылғы экспедиция ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.
Жобаның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау. Осы мақсатта макетте тек экологиялық таза материалдар қолданылған.
Асықты төрт қаладағы Назарбаев мектебінің оқушылары жабылып жинаған.
«Қазіргі кезде асық жинау қиын. Жазда Астана, Тараз, Өскемен Назарбаев мектептерінен экспедицияға оқушылар келген. Олар әр қаладан мың асықтан әкеліп қосты», - дейді Ақтөбедегі Назарбаев мектебі директорының орынбасары Анар Жақанова.
Киіз үйді жасауға балаларға ұстаздар да көмектескен.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды
29 сәуір, 2026
Енді баспанадан шығарудан 10 күн бұрын борышкерлерге міндетті хабарлама жіберіледі
28 сәуір, 2026
Әскерилер мерейтой жасына орай сыйақы алып отырады
27 сәуір, 2026
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті