Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, жол апаты болды

Бүгін, 17:29
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, жол апаты болды
Фото: instagram.com/almaty.police/видео скрині

Алматы қаласының Жетісу ауданында қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

Бастапқы деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан көлік құралын толық басқара алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеру барысында анықталатын болады», деп хабарлады Алматы полициясы.