Референдум-2026

Әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық: Елорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды

Әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық: Елорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізу кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан елорданың екі тұрғыны анықталды. Олардың бірі – 39 жастағы Алексей Дрожжин, екіншісі – "PANTERA" аккаунтының иесі, 33 жастағы Әлия Молдаханова.

Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес Алексей Дрожжин 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Әлия Молдахановаға айыппұл салынды.

Департамент интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан елордалық 5 тәулікке қамауға алынды