Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Газеттің бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлы Президентке билік транзиті туралы сұрақ қойды.
«Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар», - деп жауап берді сауалға Президент.
Еске салайық, бұдан бұрын Turkistan газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты көлемді сұхбаты жарияланғаны туралы жаздық.