17 жыл жасырынған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды

Бүгін, 15:33
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
17 жыл жасырынған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды
Фото: freepik.com

Ұйымдасқан қылмыстық топпен ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Тергеуде күдікті 2007–2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарусыз несие беру арқылы ұрлағаны анықталды.

Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған.

Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы ақпанда ол Бішкектеұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан елімізге жеткізілгені туралы жаздық.